Жасанды түсік. Туылмаған сәби

бақКөрші палатада ауыр халде бір келіншек жатты. Былай-былай өткен сайын қарап өтемін. «Баласын түсіріп алған-ау» деп ойладым. Жаным ашыды. Медбикеден сұрауға біраз қысылдым. Ақыры сұрадым.

– Түсік тастады ма? – дедім әлгі келіншекті нұсқап.

– Иә, – деді ол.

– Бала дамымай қалған демеші тек, – дедім шыдамым таусылып.

– Жоқ, – деп басын шайқады.

– Енді? Алдыртып тастады ма, түсіп қалды ма? – дедім жаным шығып.

– Алдыртып тастады…

Көңілім түсіп кетті. Әлгі әйелге деген аяушылық сезімім бірден жеккөрушілік сезімге ұласты. Ойымды сан сұрақтар мен ойлар мазалай берді. Әлгі әйелді көрген сайын терең ойға түсіп кете беремін.

Өмір-ай… Кейбір адамдар балаға зар болып жүр. Тіпті неше түрлі амал жасаса да, жасанды жолмен ұрық салса да, балалы бола алмай қиналып жүргендер көп. Тіпті сол үшін де кейбір отбасылардың шаңырағы шайқалуда. Ал мына әйел… Ал мына әйел баласын алдыртып тастап отыр. Оған не себеп болды екен, а? Мүмкін отбасылық жағдай ма?.. Бірақ әр баланың өз несібесі бар емес пе? «Бір бала дүниеге келсе, бір түп жусан артық шығады» демеуші ме еді?.. Сосын ойладым. Мүмкін баланы туып далаға тастағаннан, жарық дүниенің есігін аштыртпай-ақ қойғаны жақсы ма ед… Жоқ, қай-қайсысы да жақсы емес! Адамның жүрегі сондай әрекетке қалай барады екен, а? Сонда оларда жүрек жоқ па? Сезім жоқ па? Қорқыныш жоқ па? Баланы асырай алмайды екен, туғысы келмейді екен, неге алдын ала ойланбайды екен, а? Әлде әкесіз бала ма ед… Медбикеге «Бала дамымай қалған демеші тек» деуімнің мынандай бір себебі бар. Қазір кейбір әйелдердің балалары инфекцияның кесірінен дамымай, түсіп қалып жатыр немесе шарасыз алдыртып тастауға тура келеді.

Әлгі келіншек аяғынан тұрды. Қайта-қайта ұшырасып қала беремін. Жүзінде бір мұңның лебі есіп тұрғандай. Әлде ауырғанның кейпі ме?.. Шарасыз адамның кейпі секілді көрінді. «Амалсыз алдыртып тастады ма екен?» деп те ойладым жүзіне қарап… Қалай болғанда да, бұндай жағдай біздің қоғамда үйреншікті жайтқа айналды. Шошып, таңырқап қарайтындар да жоқ шығар.

…Дәлізге шықтым.

– Жаз, – деді бір медбике бір келіншекке. – “Дәрігерлерге қояр арыз-талабым жоқ…”

Анау қыз не жазып жатқанын білмейді-ау, шамасы, бір сөйлемді жазу үшін қайта-қайта сұрады. Сөйтсем, аборт алдында дәрігерлер осылай қолхат жазып алады екен. Көп ұзамай жарық дүние есігін ашпаған тағы бір сәбидің тіршілігі тоқтамақ…

imanigul

  бақКөрші палатада ауыр халде бір келіншек жатты. Былай-былай өткен сайын қарап өтемін. «Баласын түсіріп алған-ау» деп ойладым. Жаным ашыды. Медбикеден сұрауға біраз қысылдым. Ақыры сұрадым.

—         Түсік тастады ма? – дедім әлгі келіншекті нұсқап.

—         Иә, — деді ол.

—         Бала дамымай қалған демеші тек, — дедім шыдамым таусылып.

—         Жоқ, — деп басын шайқады.

—         Енді? Алдыртып тастады ма, түсіп қалды ма? – дедім жаным шығып.

—         Алдыртып тастады…

  Көңілім түсіп кетті. Әлгі әйелге деген аяушылық сезімім бірден жеккөрушілік сезімге ұласты. Ойымды сан сұрақтар мен ойлар мазалай берді. Әлгі әйелді көрген сайын терең ойға түсіп кете беремін.

View original post ещё 260 слов