Мен туғанда әкем ағаш егіпті…

Қазақтың ән әлемінде қайталанбас өзіндік үнімен дараланатын қазақтың бағына біткен қадау бір талант иесі бар. Ол – Нұрғали Нүсіпжанов. Оның дауысын естімеген жан жоқ шығар. Бірақ ағаш өсіріп, жүрген жерін жасыл желекке айналдыру оның сүйікті ісі екенін біреу білсе, біреу білмейді. Жетпістен асқан ағамыздың бұл шаруасы хақында тереңірек білгіміз келіп, қазіргі таңда ағамыз қызмет жасайтын Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияға барып, әңгімелескен едік.

Нұрғали ағамыздың балалық шағы көк майса белді көрпе ғып, тау етегін жастанып жүріп өткен. Ауылдың майда желімен шашын тарап, мөлдір бұлағымен сусындады. Осыдан да болар, ол табиғатқа ғашық. Табиғатынан әсемдікке, саф тазалыққа, кіршіксіз пәктікке құмар, ақ көңіл, сәби жүректі болғаннан болар, ауылын, ауласын көркейту, жайқалған ағаштан, оның мәуелі жемісінен нәр алу – аға жанының қалауы.
Нұрғали ағаның айтуынша, ағаш өсіруге бала кезінен әуес болған, оған әкесі себепкер болған көрінеді. «Мен туғанда әкем ағаш егіпті. Өзім үйде жалғыз, жалқы болдым, баламмен бірге жайқалып өссін, кейін үлкен бәйтерек болып, бала-шағаларым, ұрпақтарым саясында сайрандап жүрсін деген ниетпен ағаш еккен болуы керек. Көзімді ашқалы табиғат аясында, тау-тасты аралап, шөптің, ағаштың неше түрімен таныс болып өстім. Әлі есімде, үшінші сыныпта оқитын кезім. Балалармен тауды тауға, тасты тасқа жалғап, серуендеп жүргенімде тастың арасынан қылтиып өсіп тұрған алма ағашын көріп, тамырымен үзіп алып, аулаға әкеліп еккенмін. Оны мәпелеп күтуге әкем жәрдемдесті. Қазір ол мәуелі жемісі бар зәулім ағаш, мен жетпістен ассам, ол алпыстан асты. Ағаш егуге құмарлық осы алма ағашынан басталған еді. Кейін оныншы сыныпты тәмамдап, мектеппен қоштасар жылы 15-20 түп тәтті алма беретін ағаш отырғыздым. Ол да бүгінгі күнге дейін өз жемісін беріп, жайқалып жайнап тұр», – деп бала кезден сүйікті ісіне айналған шаруасы жайында бізбен ой бөлісті. «Бір тал кессең, он тал ек» дейді қазақ. Бар өмірін өнегеге айналдырған ел ағасы Нұрғали – жиған-терген қаражатына бау-бақша егіп, болашаққа мұра қалдыруды мақсат етіп жүрген жан. «Бақ отырғызу – болашаққа баға жетпес мұра қалдырумен пара-пар. Осыдан бес-алты жыл бұрын ауыл азаматтарының қолдауымен ауыл іргесінен ата-бабамыздың рухына бағыштап, ауылымыздың үлкен бағы болсын деген ниетпен он гектар жер бөліп алып, ақырындап ағаш егіп жатырмыз. Қазір бес-алты мың ағашым жайқалып тұр. Әлі егетін жер жеткілікті. Алайда қазіргі уақытта ауылда ауызсу тапшылығы бой көрсеткендіктен, ағаш өсіру соңғы екі жылда тоқтап қалды. Бұл түйткіл шешімін тапқан кезде, мен де өзімнің сүйікті ісімді жалғастырамын», – деп Нұрғали аға ағаш егудің де қиындығына тоқталды.
Ағаның ауласы да ағашпен көмкерілген. 400-500-дей жеміс ағашы, алма мен алмұрттың екі-үш сорты, теректердің бірнеше сорты, қайың, емен, Жоңғар Алатауының табиғи долана ағаштары жайқалып тұр. Оларды балаша мәпелеп жүрген Нұрғали ағаға қарап көз қуанады. Болашақта ауылда су мәселесі шешіліп жатса, қылқан жапырақты ағаштардың түрін – аршаның, қарағай, самырсын, шырша сияқты ағаштарды ексем деген жоспары да бар екен.
Қазақ «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дейді. Тіпті ағаш өсіруді бала тәрбиелегенмен пара-пар дегенді де айтады атам қазақ. Ендеше, баланы туылғанынан өмірдің ызғарлы желіне төтеп беретін бекем, берік қылып өсіруді мақсат тұтатындай ағашты да табиғаттың алапат күшінен аман қалдырып, тамырын қаққан қазықтай мығым ету үшін күтімі күпті, бабы мықты болу керек. Бұл жайында да ағамыз бізді біраз сырдан қанық етті. «Табиғатты қалай аяласаң, ол саған солай жауап береді. Біздің адамшылық қасиетіміз айналадағы, Құдай біздің игілігіміз үшін жаратқан тіршілік иелерінің қадірін білумен өлшенеді. Кейде дүние қуған заманды көріп, «шіркін-ай» деп өкініп жататын кездеріміз де болады. Сондай бір жабырқау сәттеріңде табиғат аясына шығып, серуендеп қайтсаң, көңілің байып, жаның байыз тапқандай болып қаласың. Адам тәрбиесі мен табиғатқа деген көзқарастың бәрінің өзегі бір болса деймін. Біз үйімізді қалай таза ұстасақ, қаламызды да солай таза ұстауға талпынуымыз керек. Жүрген жеріміздің бәрінде де сондай бір мәдениеттілік, ізгілік, адамдық, парасаттылық қасиеттер болса тамаша болар еді… Ал ағашты баптаумен қоса, ең алдымен, шынайы ниетің болу керек, сонда ғана ағаш дұрыс өсіп жетіледі. Мен ата-бабаларымыздың табиғи сауаттылығы мен зеректігіне таңғаламын, әкем жарықтық біздің Доланалыда өсетін ағаш, шөптесін өсімдіктердің барлығының атауын, қандай қасиеті барын бес саусағындай білетін. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейді ғой халқымыз. Сондықтан болар, менің әкемнің тәрбиесінен алғаным бүгінгі күнге дейін өз нәтижесін беріп келеді. Туған елге қызмет етудің озық үлгісі – айналаңды көркейту, қалаңды, далаңды қадірлеу, оған қамқорлық жасау деп білемін. Елбасымыздың сары далаға Астана орнатумен қатар елу мың гектардан артық жерге орман отырғызуын үлкен ұлылық деп есептеймін. Әдемілікке мән беріп, жердің қыртысына, үйдің орналасқан жағдайына қарай жерді икемдеп, неше түрлі әдемі гүлзарлар, адам тыныстап, демалатын саябақтар жасап, қаланы гүлдендіріп отыру әр заманда болған. Ата тарихымызда әрдайым бұл үрдіс көрініс беріп отырған», – деп сөзін түйіндеді Нұрғали ағамыз.
Міне, әкеден балаға мирас болған ағаш отырғызу бүгінде Нұрғали ағамыздың сүйікті ісіне айналған. Жаны жабырқаса да, көңілі құлазыса да, тіпті қуанышын да өзі еккен жасыл желекпен бөліседі. Ауласына шыға жан-жағын жапқан тал-теректерге қарап ләззат алады. Себебі оның табиғатқа деген сүйіспеншілігі мәңгі. Ешқашан өшпек емес. Өзі де мәуелі бәйтеректей ағамыз ұл-қызына да осы істі үлгі етіп отырады.

Шынаржан

   Қазақтың ән әлемінде қайталанбас өзіндік үнімен дараланатын қазақтың бағына біткен  қадау бір талант иесі бар. Ол – Нұрғали Нүсіпжанов. Оның дауысын естімеген жан жоқ шығар. Бірақ ағаш өсіріп, жүрген жерін жасыл желекке айналдыру оның сүйікті ісі екенін біреу білсе, біреу білмейді. Жетпістен асқан ағамыздың бұл шаруасы хақында тереңірек білгіміз келіп, қазіргі таңда ағамыз қызмет жасайтын Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияға барып, әңгімелескен едік.

View original post ещё 707 слов

Жасанды түсік. Туылмаған сәби

бақКөрші палатада ауыр халде бір келіншек жатты. Былай-былай өткен сайын қарап өтемін. «Баласын түсіріп алған-ау» деп ойладым. Жаным ашыды. Медбикеден сұрауға біраз қысылдым. Ақыры сұрадым.

– Түсік тастады ма? – дедім әлгі келіншекті нұсқап.

– Иә, – деді ол.

– Бала дамымай қалған демеші тек, – дедім шыдамым таусылып.

– Жоқ, – деп басын шайқады.

– Енді? Алдыртып тастады ма, түсіп қалды ма? – дедім жаным шығып.

– Алдыртып тастады…

Көңілім түсіп кетті. Әлгі әйелге деген аяушылық сезімім бірден жеккөрушілік сезімге ұласты. Ойымды сан сұрақтар мен ойлар мазалай берді. Әлгі әйелді көрген сайын терең ойға түсіп кете беремін.

Өмір-ай… Кейбір адамдар балаға зар болып жүр. Тіпті неше түрлі амал жасаса да, жасанды жолмен ұрық салса да, балалы бола алмай қиналып жүргендер көп. Тіпті сол үшін де кейбір отбасылардың шаңырағы шайқалуда. Ал мына әйел… Ал мына әйел баласын алдыртып тастап отыр. Оған не себеп болды екен, а? Мүмкін отбасылық жағдай ма?.. Бірақ әр баланың өз несібесі бар емес пе? «Бір бала дүниеге келсе, бір түп жусан артық шығады» демеуші ме еді?.. Сосын ойладым. Мүмкін баланы туып далаға тастағаннан, жарық дүниенің есігін аштыртпай-ақ қойғаны жақсы ма ед… Жоқ, қай-қайсысы да жақсы емес! Адамның жүрегі сондай әрекетке қалай барады екен, а? Сонда оларда жүрек жоқ па? Сезім жоқ па? Қорқыныш жоқ па? Баланы асырай алмайды екен, туғысы келмейді екен, неге алдын ала ойланбайды екен, а? Әлде әкесіз бала ма ед… Медбикеге «Бала дамымай қалған демеші тек» деуімнің мынандай бір себебі бар. Қазір кейбір әйелдердің балалары инфекцияның кесірінен дамымай, түсіп қалып жатыр немесе шарасыз алдыртып тастауға тура келеді.

Әлгі келіншек аяғынан тұрды. Қайта-қайта ұшырасып қала беремін. Жүзінде бір мұңның лебі есіп тұрғандай. Әлде ауырғанның кейпі ме?.. Шарасыз адамның кейпі секілді көрінді. «Амалсыз алдыртып тастады ма екен?» деп те ойладым жүзіне қарап… Қалай болғанда да, бұндай жағдай біздің қоғамда үйреншікті жайтқа айналды. Шошып, таңырқап қарайтындар да жоқ шығар.

…Дәлізге шықтым.

– Жаз, – деді бір медбике бір келіншекке. – “Дәрігерлерге қояр арыз-талабым жоқ…”

Анау қыз не жазып жатқанын білмейді-ау, шамасы, бір сөйлемді жазу үшін қайта-қайта сұрады. Сөйтсем, аборт алдында дәрігерлер осылай қолхат жазып алады екен. Көп ұзамай жарық дүние есігін ашпаған тағы бір сәбидің тіршілігі тоқтамақ…

imanigul

  бақКөрші палатада ауыр халде бір келіншек жатты. Былай-былай өткен сайын қарап өтемін. «Баласын түсіріп алған-ау» деп ойладым. Жаным ашыды. Медбикеден сұрауға біраз қысылдым. Ақыры сұрадым.

—         Түсік тастады ма? – дедім әлгі келіншекті нұсқап.

—         Иә, — деді ол.

—         Бала дамымай қалған демеші тек, — дедім шыдамым таусылып.

—         Жоқ, — деп басын шайқады.

—         Енді? Алдыртып тастады ма, түсіп қалды ма? – дедім жаным шығып.

—         Алдыртып тастады…

  Көңілім түсіп кетті. Әлгі әйелге деген аяушылық сезімім бірден жеккөрушілік сезімге ұласты. Ойымды сан сұрақтар мен ойлар мазалай берді. Әлгі әйелді көрген сайын терең ойға түсіп кете беремін.

View original post ещё 260 слов

Бір аяғың – көрде, бір аяғың – жерде…

Мен тақырып қылып қойған тұрақты тіркес көбіне жүкті әйелдерге қатысты қолданылады. Бұрын босанбаған кезде онша мән бермеуші едім, сөйтсем өте орынды айтылған екен. Босану кезінде шынымен-ақ «бір аяғың – көрде, бір аяғың – жерде» болады ғой. Бір естігенім бар еді, кейде адамдар өмірде әр нәрсеге табынады, жалбарынады, бірақ жандары қатты қиналғанда не өлім таяғанда Алладан медет тілейді, бірақ кеш болуы мүмкін екен.

Сол секілді басқа кезде де Алланы еске алуға тырысқаныммен, өзімнің босанар алдында Аллаға жалбарынғаным есімнен кетпейді. Тіпті, босанып алған соң Алладан ұялатын кездерім де болады. Себебі, Алла менің тілеуімді берді, ал мен ше? Алланың айтқанын толық, бар ықыласыммен орындап жүрмін бе деген сауал санаңды ұрғылайды.

Екінші балам ішімде 9 ай бойы теріс жатты.Жүректе бір тыныштық болды, әрине. 9 ай бойы Аллаға тапсырып жүре бердім, әркім әр түрлі пікір айтты. Енді болмағанда дәрігерлер ауруханаға ота жасауға жатқызбақшы болған. Кезекті дәрігердің қабылдауына баруға 4 күн қалғанда толғатып перзентханаға кеттім. Алдында бір дәрігермен ақылдасқанымда: «Қазір мұндай жағдаймен көбісі өздері босана береді, тек толғағың жақсы болса болғаны,» – деген. Алладан күні-түні толғағым жақсы болып, аман-есен босануымды тілеп жүре бердім.

Перзентхана…Мені бірден туу залына қабылдады. 2,5-3 сағаттай толғаттым. Ақылдасқан дәрігерім менің тұрғылықты жеріме қарасты перзентханадан өте тәжірибелі бір дәрігердің аты-жөнін айтқан, бірақ алдын ала келіспегенбіз. Келсем, сол дәрігердің кезекшілігі екен. Қабылдаған дәрігер де, медбикелер де түсі игі жандар екен. Дәрігерге өзім босанғым келетінін айттым. Ол кісі басқа бір профессорға тел соғып рұқсат алды, бірақ толғақты көреміз, 4 сағатта жатыр мойны 8-9 см ашылса, өзің босанасың, ашылмаса ота жасаймыз деді. Қасымда анам болды. Анам да мед қызметкер болған соң ба, көмегі көп болды. Баланы туып жатып айтатын дұғаны бір жаттай алмай-ақ қойғанмын, компьютерден шығарылған қағазды толғақ кезінде оқып жүрдім. Толғақ жақсы болды, десе де көтенмен жатқан баланы туу өте қиын екен. Өзгелерге қарағанда 2 есе күш керек. Баланың аяғы көрінді, әлі басы жоқ, жүрегім дүрсілдеп кетті. Алладан басқа жүгінерім бар ма?

Бір кезде басы да көрінді, енді балада дыбыс жоқ, дәрігерлердің өздері абыржыңқырап тұр. Ары қарай алып кетті, бір сәтте дыбысы шықты-ау әйтеуір. Ал, Аллаға сансыз мадақ айтпай көр енді….Аллаға мың да бір шүкір! Жүкті кезімде қаралған дәрігерлер де естіп таң қалды. Гинекологым: «Дәрігерлерге рақмет айт!» – деп қояды, мен: «Әуелі Аллаға рақмет, содан соң себепші болған дәрігерлерге рақмет!» – дедім. Перзентханада мені де, баламды да «тазовое» деп күшті қарады. Дәрігерлер жүгіріп жүрді, бәрі маған қарап қояды, таныссыз дәрігердің де жөндеп қарамайтынын естіген соң ба мынау бір ғанибет көрінді.

Алдында жолдасыммен алдын ала бір дәрігермен келісеміз бе екен деген де ой болған, бірақ қазіргі таңда келісу деген – пара. Ал, пара деген күнә ғой дедік те, не де болса бір Аллаға тапсырайық дедік. Алладан қорқып, бір күнәлі істен бас тартсаң, Алла қарасады деген рас болып шықты. Әрине, босанған соң дәрігерге рақметімді айттым, бірақ шын көңілмен, ешкімнен жасырмай, арам жолмен емес, аман-сау қалуымызға себепші болғаны үшін сыйлық жасадық. Алла – бәрін көруші әрі білуші! Ендігі тілек – Махамбеттей батырды берген Алла оның денін сау қылып, біз үшін қайырлы ұрпақ етсінші!

Әлди-әлди...

        Мен тақырып қылып қойған тұрақты тіркес көбіне жүкті әйелдерге қатысты қолданылады. Бұрын босанбаған кезде онша мән бермеуші едім, сөйтсем өте орынды айтылған екен. Босану кезінде шынымен-ақ «бір аяғың – көрде, бір аяғың – жерде» болады ғой. Бір естігенім бар еді,

View original post ещё 458 слов

Баланы қалай бағалаймыз?

Әр ата-ана баласының мектептен бестікпен оралғанын қалайды. Кейбіреуі сыртына шығарып білдірмеуі мүмкін, бірақ бес немесе А әкелген балаға ешкім қой дей қоймас. Баға мәселесінде әр отбасы әр түрлі ұстаным ұстанады, мысалы, біреулер баласына бағаның мүлдем маңызды емес екенін ескертсе, енді басқалар күнара күнделік тексеруді әдетке айналдырған. Сонымен қайсысынікі көңілге қонымдырақ?

Америкада қалай екен?

Сонымен оқуға түсіп, сабақ басталды. Енді біз бір бүкіл Қазақстанның абыройын арқалап алған түрмен Университетімізге келдік. Ішімізден қайсысы мықты екен деген сұрақ мойнын қылтитады. Сондағы ойымыз – соны мәре сызығы етіп белгілеп, сосын содан қалмау. Бірақ, өкінішке қарай ма, қуанышымыға орай ма, ол ойымыз іске аспады. Себебі мұнда баға ашық айтылмайды екен, тестің өзін қолыңа бұратыла оралған күйде бейне бір интернет банкингтің коды секілді табыстайды. Басында бір ыңғайсыз еді, біраздан соң үйреніп кеттік. Кейінірек, Димаш мектепке барды. Содан баға да жоқ, басқа да жоқ, бір жарты айдан соң үйге бір хат келді. «Көрсеткіші жақсы, ағылшын деңгейі мынадай»,- депті де қойыпты. Басқалардың бағасы туралы қызығушылығымыз қатты басыла қоймаған біз: “Сен қалай оқисың? Тағы кім жақсы оқиды”,-деп сұрасақ, “Білмеймін, айтпайды ғой”,-деген жауап естиміз. Сонымен біз Америка білім жүйесінің жасырын бағалауға құрылғанын байқадық.

Ашық бағалау VS Жасырын бағалау

Біздегі Кеңес дәуірінен келе жатқан ашық бағалау тәсілі сыныптағы 5-6 баланың бәсекеге қабілеттілік қырын арттыруы мүмкін, бірақ қалған 20 баланың өздеріне деген сенімділігін жоқ қылып жіберетін секілді. Бұл жүйе енді озат оқушылар үшін және олардың ата-аналары үшін тиімді. Топ алдында мақталғанды кім жек көрсін? Бөтен кісілердің көзінше “балаң жақсы” деген кімге ұнамасын? Енді дәл осы сәтте тура сол баламен бірдей, тек қабілеті басқашалау бала неге өзін төмен сезінуі керек? Оған бұдан былай жалпы мектепке келуге деген мотивацияны қайдан тауып береміз? Ашық бағалау жүйесінің тағы бір кемшін тұсы – “Сүйіктілер” синдромы. Бұл ауру біздің барлық мектептерде бар, сабағын жақсы оқып, тапсырманы тез арада тәмәм ететін оқушы сүйікті болмай қайтсін? Біреуді ұнату – әр ұстаздың өз құқығы, алайда оны сыртқа шығару қаншалықты қажет? Сыныптағы 5-6 оқушыға деген ерекше ықыласың басқа балалардың өздерін дарынсыз сезінуіне және бәріне немқұрайлы қарауына әкелетіні даусыз. Дәл сол сияқты бұл үрдіс озат оқушылардың да “бәрін білемге” салынып, одан да көбірек іздену сезімін сөндіруі мүмкін. Әр бала – өзінше индивид және қабілеті әр түрлі, сондықтан әрқайсына өзін мықты сезінуге мүмкіндік беру керек. Осы тұрғыдан американың ұстанымы дұрысырақ сияқты. Баланың бағасы бәрінің көзінше ашық айтылмайды, ата-ана жиналысы жеке-жеке қабылдау күйінде өтеді. Жалпы кездесулер де болып тұрады, алайда онда мектеп мәселесі, жоспарлар т.б мәселелер қамтылады.

«Бағаның мүлдем қажеті жоқ«

Бұл идеяның авторы – Алфи Кон. Оның ойынша, балаларға баға қоюдың 3 салдары бар: 1) бағаға байданған балалардың білім алуға деген құлшынысы аса жоғары болмайды; 2) олар баға үшін жеңілірек тапсырмаларды алғанды құп көреді: бұл олардың жалқаулығын емес, табиғатын білдіреді. Ал егер баланың мақсаты тек қана А алу болса, тапсырмаларды сақ және уақытымен орындауға тырысқанымен интелектуалдық тәуекелдерге көп бара бермейді; 3) бағаға тәуелділік болғанда оқушыларда атүсті қарау және оқығанын тез ұмыту тенденциялары байқалады. Оған қарсылар адам үшін бағаның да мотивациялық күші барын, оған жету үшін адам өзіне мақсат қоятынын, бағалаудың адамның мәселе шешу, қалыпты жағдайдан шығу қабілетін арттыратынын және баға қойылмайтын жұмыс пен бағаланатын тапсырма сапасының жер мен көктей болатынын жазыпты. Бұл енді мүлдем басқа қырға шығу секілді, себебі бағалау жүйесінің мүлдем болмауы жүйесіздікке әкелуі және мақсат қойғыштық, оған деген ұмтылыс қасиеттерінің күл талқанын шығаруы мүмкін. Еткен еңбектің сапасына қарай оның жемісінің де болатынын бала біліп өсуі керек.

Жеміс демекші….

әлемде жақсы баға үшін ақша алатын да оқушылар бар. Ол енді бестік баға үшін берілетін жай 5-10 тиын емес, кәдімгі айлық секілді табыс көзіне айнала бастапты. Хьюстон қаласында жеке қорында 1.5 млн доллары бар басталғанына бір көп бола қоймаған бағдарлама математиканың негізгі қағидаларын меңгерген 5-сынып оқушыларына 1050 доллардан ақша бермекші. Сол секілді 10 000-нан астам Даллас оқушылары деңгейліе тестілеуден өткені үшін 400 доллардан пайда тапқан. Жалпы көп дамыған мемлекеттерде оқу да – жұмыс, сондықтан оның да хақын беру керек деп есептейтіндер де бар. Олар балаларына бестік үшін бәленбай деп айлық белгілеп, оны уақытылы табыстап отырады. Америкаға келсек, көбіне балалар өз ақшаларын осылай жинап велосипед не жоғарғы сыныптағылары өздеріне көлік сатып алады екен. Бір жағынан жөн секілді, бала ақшаның оңай келмейтінін сезініп өседі, екінші жағынан баланы бесіктен белі шықпай жатып саудагер етіп жіберетін секілді бұл жүйе.

Сонымен,

меніңше, бағалау мәселесінде бағаға қадалу не мүлдем бағаламау керек деп екі шектен де шығуға болмайды. Иә, бала бағалану керек, бірақ баланың бағасын емес, оның алып жатқан білімін тексеру керек. Бізде қазір баланың әйтеуір білімге ынталануы емес, тестен көп бал алуы маңызды болып тұр. Мектептер өзара тест нәтижесі бойынша жарысып кетті де, ол өз кезегінде баланың психологиясына кері әсерін тигізіп жатыр. Бала стреске түскен сайын оның қабылдау қабілеті азаймаса, көбеймейді. Тағы бір ескеретін жайт баланың қабілеті емес, еңбегі бағалануы тиіс. Мысалы: бір оқушы екіншіге қарағанда өте қабілетті және ол тапсырманы аз уақытта, ойнап жүріп бітіре салады, ал екінші бала сол тапсырманы ұзақ еңбекпен орындайды. Әлемдік, әсіресе, батыстық тәжірибеде ұзақ еңбек еткенінің бағасы жоғарырақ болады. Өйткені, өз қабілетіне ғана сенген адам жақсы нәтижеге жете алмай, кержалқау болып шығады. Қазір батыс білім жүйесінде “hardworking” сөзі сәнге айналған. Сондықтан қалай болғанда да бағалау жүйесі бәсеке қабілетін емес, еңбек қабілетін арттыруға бағытталса игі.

Әлди-әлди...

%d0%be%d1%86%d0%b5%d0%bd%d0%ba%d0%b8-%d1%82%d0%b8%d1%82%d1%83%d0%bb-620x330

Әр ата-ана баласының мектептен бестікпен оралғанын қалайды. Кейбіреуі сыртына шығарып білдірмеуі мүмкін, бірақ бес немесе А әкелген балаға ешкім қой дей қоймас. Баға мәселесінде әр отбасы әр түрлі ұстаным ұстанады, мысалы, біреулер баласына бағаның мүлдем маңызды емес екенін ескертсе, енді басқалар күнара күнделік тексеруді әдетке айналдырған. Сонымен қайсысынікі көңілге қонымдырақ?

 Америкада қалай екен?

Сонымен оқуға түсіп, сабақ басталды. Енді біз бір бүкіл Қазақстанның абыройын арқалап алған түрмен Университетімізге келдік. Ішімізден қайсысы мықты екен деген сұрақ мойнын қылтитады. Сондағы ойымыз – соны мәре сызығы етіп белгілеп, сосын содан қалмау. Бірақ, өкінішке қарай ма, қуанышымыға орай ма, ол ойымыз іске аспады. Себебі мұнда баға ашық айтылмайды екен, тестің өзін қолыңа бұратыла оралған күйде бейне бір интернет банкингтің коды секілді табыстайды. Басында бір ыңғайсыз еді, біраздан соң үйреніп кеттік. Кейінірек, Димаш мектепке барды. Содан баға да жоқ, басқа да жоқ, бір жарты айдан соң үйге бір хат келді. «Көрсеткіші жақсы, ағылшын деңгейі мынадай»,-…

View original post ещё 681 слово